Ең үлкен Барби топтамасы

АҚШ-тың Флорида штатында тұратын Стэнли Колорайт есімді 41 жастағы азамат өзінің Барби қуыршақтары коллекциясын толықтыру үшін жыл сайын 30,000 долларға дейін ақша жұмсайды. Бүгінде оның үйінде 2000 Барби және 1000 Кен қуыршақтары бар.

Стэнлидің жеті бөлмелі үйі бүгінде нағыз қуыршақтар мұражайына айналған. Бұдан бөлек, мұнда Барбиге арналған 3000 көйлек, бұдан басқа ойыншық ұшақтар, мотоциклдер, лимузиндер, фургондар және қуыршақтарға арналған Dream House деп аталатын үлкен үйді де тамашалауға болады. Ішінде душы мен жеделсатысы бар бұл үйдің бағасы шамамен 1000 доллар тұрады.

Қуыршақ жинаумен 1992 жылдан бері айналысып келе жатқан Стэнлидің коллекциясындағы ең қымбат қуыршақ – «Pink Splendor», оны қуыршаққұмар американдық 975 АҚШ долларына сатып алған.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.