Қаламсап-телефон

Бұл құрылғыны «құпия агенттің ойыншығы» деп атауға әбден болады. Бұрын шпиондар туралы кинолардан көрген қаламсап-телефонды көрермен енді дүкеннен сатып ала алатын болады.

 Haier Pen Phone P7 маркалы бұл телефон бір қарағанда қаламсапқа ұқсағанымен, оның түрлі-түсті экраны, камерасы, диктофоны, сондай-ақ полифониялық әуендер топтамасы да бар. Бірақ, Pen Phone қолдануға өте ыңғайсыз. Өйткені, ондағы өте кішкентай тетіктерді басу қиын. Оны тіпті қаламсап ретінде де пайдалана алмайсыз, ол жазбайды. Сондықтан мұны «еріккеннің ермегі» дегеннен басқа амал жоқ.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.