Головкин жаңа келісімшарттан кейін мәлімдеме жасады

QAZYGURT.KZ: DAZN стримингілік сервисімен келісімшартқа қол қойған орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34КО) спорттық мансабының жаңа бетін бастайтынын айтты.

«Мен оралдым! DAZN-мен мансабымның жаңа парағын бастауға және менің мұрамды бекіте түсуге дайынмын», — деп жазды Головкин Инстаграмда. Тараптар келісімшартқа қол қойылғаны туралы 8 наурызда мәлім еткен болатын. Құжат үш жылға рәсімделген. Бұл уақыт аралығында қазақстандық боксшы барлығы алты рет, яғни жылына екі жекпе-жектен өткізеді. Онымен қоса, 2020 және 2021 жылдары Головкин «GGG Promotions» компаниясындағы боксшылар үшін DAZN-да төрт бокс кешін өткізу мүмкіндігіне ие болады. Геннадий рингке биылғы жылғы маусымның 8-і немесе 16-сы қайта оралатыны жоспарлануда. Оның қарсыласының есімі әзірге белгісіз. Айта кетейік, Sports.kz сайтының жазуынша, ертең Лос-Анджелесте Головкин мен DAZN стримингілік сервисі бірлескен баспасөз мәслихатын өткізіп, келісімшарт жөнінде ресми жариялайтын болады. DAZN компаниясының әлеуметтік желілерде хабарлаған ақпаратына сәйкес, журналистермен жүздесу дүйсенбі күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 16:30-да басталады. Астана уақытымен наурыздың 11-інен 12-сіне қараған түні сағат 02.30-да.

 

АҚПАРАТ көзі: inform.kz 
 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.