Ресейдегі қазақ спортшысы қарсыласын 100 секундта құлатты

QAZYGURT.KZ:  Ресейдің атынан шығып жүрген этникалық қазақ Ілияс Хамзин ММА-дағы үшінші жекпе-жегін өткізіп, қарсыласын бірінші раундта нокуатқа жіберді.

Ілияс Хамзин Екатеринбургте өткен аралас жекпе-жектен RCC Intro 3 турниріне қатысты. Хамзинге жергілікті спортшы Олег Найденов қарсылас атанды.

Этникалық қазақ 100 секунд ішінде қарсыласын нокаутқа жіберіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған. Бұл Хамзиннің кәсіби мансабындағы екінші жеңісі.

Айта кетейік, Хамзин ММА-дағы алғашқы жекпе-жегін өткен жылдың қыркүйегінде өткізген болатын.

 

АҚПАРАТ көзі: kaz.nur.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.