Жаңа Зеландияда мешітте болған шабуылдан 27 адам қаза тапты

QAZYGURT.KZ:  Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы екі мешітте болған шабуылдан кем дегенде 27 адам қаза тапты. 

Оқиға Крайстчерч мешіттерінде түсқайта болған. Бұған дейін БАҚ өкілдері оқиға салдарынан тоғыз адам қайтыс болғаны туралы хабарлаған.

Куәгерлердің айтуынша, әскери киім мен көзілдірік киген ер адам мешітке кіріп, оқ жаудырған.

Шабуыл болған кезде Deans даңғылында орналасқан Мәсджид ән-Нур мешітінде 300-ге жуық адам болған. Қазір сол көшенің бір бөлігі жабық. Бұдан бөлек, Линвуд кварталындағы мешіт пен қаладағы ауруханалардың бірінде атыс болған.

Жаңа Зеландия премьер-министрі Джасинда Ардерн бұл оқиғаны ел тарихындағы ең қаралы күндердің бірі деп атады.

Полиция комиссары Майк Буштың айтуынша, қаза тапқандардың саны көп. Оның сөзінше, осы оқиғаға қатысы бар деген күдікпен бір адам ұсталған, бірақ қайғылы жағдайға кінәлі басқа қылмыскерлер болуы ықтимал екенін жорамалдады. Полиция комиссары бүгін жергілікті тұрғындардан мешітке бармауын өтінген.

Тәртіп сақшылары қала тұрғындарынан үйден шықпай, кез келген күдікті жағдайды аңғарса, «111» нөміріне хабар беруін сұраған.

Қосымша шара ретінде құқық қорғау қызметкерлері қаладағы мектептердің барлығын қоршады.

АҚПАРАТ көзі: kaz.nur.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.