Ақтөбеде із-түзсіз кеткен Динара Зарипова табылды

QAZYGURT.KZ: Ақтөбеде 5 наурыз күні үйінен шығып, із-түзсіз кеткен Динара Зарипова бүгін Орталық базардан табылды.

«Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде 10 күн бұрын жоғалған Дирана Зарипова табылды. Оны іздеу жұмыстары кезінде полиция қызметкерлері бағыт-бағдар хабарламасын беріп, туыс-туғандарын, таныстарын аралап шықты. Келіншек бүгін Орталық базардан табылды, дені сау. Қазіргі кезде хабарсыз кету себебі анықталып жатыр», — деді облыстық ПД баспасөз қызметі. Айта кетейік, Динара Зарипованың сіңлісі Гүлмира Зарипова көмек көрсеткен адамдарға алғысын айтып, ризашылығын жеткізді.    Бұған дейін хабарлағанымыздай, 32 жастағы әйел Динара Зарипова хабарсыз кетті. Туған-туыстары полицияға хабарласып, көмек сұрады.

 

АҚПАРАТ көзі: inform.kz 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.