190 млн теңге салықтан жалтарған күдікті елімізге экстрадицияланды

QAZYGURT.KZ:  Бас прокуратура мен Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері экономикалық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Беларусь мемлекетінен Эдуард Масловты экстрадициялады.

Ол 2016-2017 жылдар аралығында 190 млн теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінді. Тергеу болжамына сәйкес, аталған қылмысты жасаудың қылмыстық схемасын тұлғалар тобында Қарағанды қаласындағы «ПромСтройИндустрия LTD» ЖШС-нің құрылтайшысы және директоры бола тұра, алдын ала сөз байласып жасаған.

Әрекет жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынғаннан кейін оған халықаралық іздеу жарияланды.

Қазіргі уақытта Эдуард Маслов Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

 

АҚПАРАТ көзі: baq.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.