Шымкенттегі керамогранит шығаратын зауыт өнімдерінің ассортиментін кеңейтті

Шымкент қаласында орналасқан «Зерде Керамика» зауыты өндіріліп жатқан өнімдерінің ассортиментін кеңейтті. Қазақстан бойынша керамогранит өндіретін бірден-бір зауыт өнім түрін 6-дан 30-ға дейін жеткізіп отыр.

Өнімдері барлық европалық стандарттарға сәйкес келетінзауыт басшылығы жергілікті құрылыс компанияларының өкілдеріне өз өнімдерін таныстырды. Зауыт жылына 2 млн. шаршы метр керамогранит тақтайшасын шығарады.

Аталған кәсіпорынның жұмысымен танысуға құрылысшылардан бөлек, қала әкімінің орынбасарлары Д.Жумин мен Б.Мамыталиев арнайы барды.

Қала басшысының орынбасарлары зауыт мемлекеттің жалпы сұранысының 40 пайыздан астамын қамтамасыз етіп отырғанын айтып, салынып жатқан құрылысқа отандық өнімді қолдануға шақырды. Сонымен қатар, олар қаладағы тұрғын үй құрылысында отандық құрылыс материалдарын пайдалану назарда екенін жеткізді. 

Айта кетейік, «Зерде Керамика» компаниясының елімізде аналогы жоқ. Жоба импорталмастыруға жұмыс жасайды. Экспорттың үлесі 30% құрайды. Компоненттерді араластырудан бастап дайын өнімді қаптауға дейін жұмыс істейтін итальяндық жабдық толық автоматтандырылған. Кәсіпорында 140 адам жұмыспен қамтылған.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.