Механикалық сағаты бар iPhone

Смартфондардың дәулетті адамдарға арналған әдемі және қымбат түрлерін шығаратын Ресейдің Caviar компаниясы жақында көз жауын алатын iPhone XS және XS Max смартфондарын жарыққа шығарды.

Caviar iPhone XS Grand Complication Skeleton Diamond Edition деп аталатын бұл үлгі қара титан мен алтыннан жасалып, 252 майда гауһартаспен безендірілген және артқы қақпағында механикалық сағаты бар.  iPhone Caviar Diamond Edition Grand Complication смартфонының ең арзаны – 256 ГБ жадысы бар iPhone XS. Оның бағасы – 23 320 доллар. Ал ең қымбаты – 512 ГБ жадылы iPhone XS Max 24 460 долларға бағаланған.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.