Қабығын жеуге болатын банан

Жапондық D&T Farm деп аталатын ауылшаруашылық зерттеу компаниясы бананның қабығын жеуге болатын сұрыбын дүниеге әкелді. Бұл сұрыпқа Mongee деген атау берілген, оны қазақшаға аударғанда, «адам сенгісіз» деген мағына береді.

D&T Farm өкілдерінің айтуынша, банан қабығының қоректік құндылығы өте жоғары, онда B6 дәрумені, магний және жүйке жүйесіне оң әсер ететін аминді қышқылдар бар. Сондықтан, бананды қабығымен жеу әлдеқайда пайдалы.

Өкінішке орай, мұндай ғажайып бананды өсіру әзірге өте қымбатқа түсуде, сондықтан Жапонияның батысындағы арнайы дүкенге апта сайын бұл жемістің тек он данасы ғана әкелінеді. Бір бананның бағасы – 5,75 доллар.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.