Риясыз жақсылық жасау-адамгершілік белгісі

Жақсылық жасау әрбір адамның бойында бар ізгі қасиет. Жақсылық жасау арқылы бір адам екінші адамға шаттық пен қуаныш сыйлайды. Өмірін өзгертеді, жанын жадыратады. Осындай игі істерімен халықтың алғысына бөленіп, жүрек жарды сөздеріне арқау болып жатқан қызметі қиын маман иелері туралы айтпауға сірә болмас.

«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» деген сөзді ата бабамыз бекер айтпаса керекті. Көп жағдайды жақсылықтың нышанына балайтын қазақ халқы жақсылық деген ұғымды ерекше ілтипатпен қабылдайды. Көктем басталғалы Түркістан облысы полицейлерінің дәстүрлі түрде жыл сайын көмекке мұқтаж  жандарға қайырымдылық жасаудан жалықпай жұмыс жасап келе жатқаны БАҚ арқылы белгілі. Сол игі бастамалардың жалғасы ретінде жақсылық істерімен көзге түсіп жүрген бірнеше аудандарды да айтып өтуді жөн санадық.

Мәселен, өткен мақалалардың бірінде ТО ПД-нің Бәйдібек, Арыс, Созақ, Жетісай, Келес, Отырар т.б аудандық полиция бөлімдерінің өз аймақтарындағы аз қамтылған, қолайсыз отбасылар мен көпбалалы, жалғызбасты, зейнеткер аналардың үйлеріне барып, отбасыларына тұрмыста қажетті заттар, азық-түліктер мен қаржылай көмектер көрсетілгені белгілі. Осындай ауыз толтырып айтарлықтай ауқымды істердің жалғасы ретінде облысымыздың шенділері қайырымды, ізгілікке толы игі істерін молайтуда.

Қылмыс әлемінің тұрғындарымен күресіп, темірдей тәртіппен жүрген шенді қызметкерлердің, жүректері мейірімге толы жандар екендіктерін аңғарасың. Тәртіп сақшыларының Алланың пенделерінің бірі, жүректерінің түбінде жылуға толы жақсылық жасау қасиетінің бар екендігін байқайсың.

ТО ПД-нің басшысы Қ.Дәлбековтің бастамасымен аналарға арнап концерт, қаржылай көмек, сый-сияпаттар тапсырып марапат пен мадақтап жатқанынан облыс полицейлері де үлгі ретінде жалғастырып кетуде.   «Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған елміз» деген бабалар сөзін негізге ала отырып, облысымыздың құт мекені саналатын Түлкібас ауданының полицейлері  аудандық Қазақ соқырлар қоғамдық бірлестігіне көмек қолдарын созды. Өз айлықтарынан қаржы жинап, ақшалай сый сияпаттарын табыстады. Түлкібас АПБ-нің полицейлеріне Қоғамдық бірлестіктің төрайымы мен қызметкерлері алғыстарын айтты. Оған қоса тап осы аудан полицейлері «Түлкібас мемлекеттік балаларды оңалту орталығына» барды. Орталықтағы ем қабылдап жүрген балалардың бір сәтке болса да көңілін аулап, дерттерін ұмыттыру үшін арнайы мекеменің емделушілеріне сыйлықтар, ойыншықтар табыстады.  Өз кезегінде орталық басшысы Толқын  Рысқұлқызы формадағы қызметкерлердің жұмысына сәттілік тілеп, алғысын жаудырды.

Сонымен қатар, қасиетті қала Түркістанның ПБ-ның бір топ полицейлері қала тұрғыны, көпбалалы ана Малика Тохтабоеваның шаңырағына барып қайырымдылық жасады. Полиция басқармасының полицейлері 4 қыз бен бір ұл тәрбиелеп отырған ақжаулықты анаға азық-түліктер жеткізіп, қуанышты көңіл күйге бөледі. Маликаның ұл-қыздары  форма киген тәртіп сақшыларының игі ісін көріп, болашақта полицей боламын деген армандарын айтып ақтарынан жарылды. Бұл да бір болашақ ұрпақтарымыз балалардың, мейірімділік жасау мақсатында арманына арқау болып келешекте мейірімді  полицейлердің көбеюіне ықпал етудің көрінісі.

Жанға шипалы шипажайымен танымал Сарыағаш ауданы полицейлері де игі іс жасаушылардың қатарында. Мәселен, өткен аптада Сарыағаш АПБ бөлімінің полицейлері аула тазалаумен айналысып, маңдай термен еңбек етіп жүрген Шоланбаев Болысбектің үйіне азық-түліктер жеткізді. Айта кететін бір жайт, Болысбек қазіргі уақытта ауруханада жүрек талмасын алып емделуде. Осындай басына қара бұлт төнген сәтте  шенділер тарапынан назарға алынып, дер кезінде көмек қолдарын созып жатқандарына ерекше қуанасың.  Болысбек Шоланбаевтың баласы Нұрланәлі Шоланбаев үйінде қамсыз отырған кезде полицейлер азық-түліктер, сыйлықтар алып тосын сый ретінде кіріп келген  бір топ аудан полицейлеріне таңданып, қуанғанын жасырмады. Анасынан біраз жыл бұрын айырылып, енді асқар тау тірегі әкесінің емханаға түсіп қалғанына қайғырып отырған Нұрланәліге көмектерін аямады.

«Мен ешқайда отбасымның тұрмысы, осындай қайғылы жағдайымыз туралы шағым жасамаған едім. Алайда менің осындай жағдайымды өздері біліп, көмектесіп жатқандарына алғысым шексіз, Алла разы болсын!» дейді, Нұрланәлі.

Көмекке мұқтаж жандар мен ардақты аналардың алғыстарын арқалаған азаматтарға біз де өз тарапымыздан қызметтеріңізде қарыштап, жұмыстарыңыздың жемісін көріңіздер демекпіз. Сондай-ақ, дәл осы істердің өзге де полицейлерге үлгі боларына сенеміз!

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.