Атыраулық спортшылар халықаралық турнирде 1 алтын, 2 қола еншіледі

QAZYGURT.KZ: Анталия қаласында кикбоксингтен ерлер арасындағы IV Халықаралық «Turkish Open» турнирі өтті.

Түркия еліндегі бұл турнир Еуропа кубогы ретінде ұйымдастырылып келеді. Биылғы бәсекеде 30-дан астам елдің спортшылары өзара мықтыны анықтады.  Жаттықтырушы Данияр Юсупов бастаған Атырау облысы құрамасы жақсы нәтиже көрсетті. Сәлімжан Сәлімгереев алтын, Жандос Назарбеков пен Жанәлі Сәлімгереев күміс жүлдеге ие болды. «Түркиядағы халықаралық турнирде 2000-ға жуық қатысушы бақ сынады. Мұның өзі жарыстың жоғары деңгейін көрсетеді. 5 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жеттім. Оның үшеуін уақытынан бұрын аяқтадым. Түркиядағы бұл алғашқы жарысым. Сол себепті де барымды салдым. Бұл елде кикбоксинг спортына айрықша көңіл бөлінеді», — дейді бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы Сәлімжан Сәлімгереев.
АҚПАРАТ көзі: inform.kz 

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.