Түркістан облысының полицейлері ұрланған авкөлікті иесіне қайтарды

Осы жылдың сәуір айында Отырар АПБ-не жергілікті тұрғын өз үйінің жанындағы автотұрақтан белгісіз адамдар «Опел» маркалы автокөлігін түн жамылып ұрлап кеткендігін хабарлады. Аталған жайт полиция бөліміне 200-бап «Автокөлікті заңсыз иелену және басқаның көлік құралын заңсыз пайдалану» дерегі бойынша тіркелді. Автокөлік ұрысын қолға түсіру мақсатында және қылмысты шұғыл ашу үшін ауданда «Ұстау» жоспары жарияланды. Жедел полициялық іс-шаралардың барысында іздестірілген машина Түркістан бағытында қолға түсті. Нәтижесінде, полицейлер ұрланған көлік бойынша күдіктілерді Кентау қаласына дейін бақылау барысында қол жеткізді. Қылмысын толық мойындаған күдікті Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында ұсталған күдікті осындай машина ұстау дерегі бойынша 5 қылмысқа қатыстылығы айқындалды, ол ұрланған көлікті қосалқы бөлшекке айналдырып отырған. Жәбірленушілерге бірнеше миллион теңге шығын алып келді. Қазіргі кезде аталған жайт бойынша ҚР ҚК 200-бабы « Автокөлікті заңсыз иелену және басқаның көлік құралын заңсыз пайдалану» бойынша сотқа дейінгі алдын ала тергеу жүргізілуде. Күдікті тұтқындалды. Бұлтартпас заттық айғақтар алыну арқылы ұрланған автокөлікті полицейлер заңды иесіне қайтарды. Өз кезегінде, Отырар ауданының тұрғындары Отырар аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы мен басшыларына және Түркістан облысының полиция департаментіне кәсібилігі мен қылмысты жедел ашып, ұрланған мүлікті қайтаруына байланысты зор алғыстарын білдірді.

Түркістан облысының полицейлері автомобиль ұрлаушылардың құрбанына айналмау үшін азаматтарға сақ болуды және автомашинаны қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Мүмкіндігінше, автокөлікті күзеті бар автотұрақтарға қойып немесе көшенің жақсы жарақтанған жерлеріне және алаңдарына, сондай-ақ, бейнебақылау жүйесімен жабдықталған жеріне қоюға кеңес береді. Автокөлікті міндетті түрде ұрлауға қарсы жүйемен және дабылқаққышпен жабдықтау керек. Кілтті, құжаттарды және бағалы заттарды автокөлікте қалдырудың қажеті жоқ., тіптен автомобильден ұзақ уақытқа кетпесеңіз де, аталған заттарды қалдыруға болмайды. Егер сіз әлгідей оқиғаның құрбаны немесе куәгері болсаңыз, кешіктірмей «102» телефоны арқылы полицияның көмегіне жүгініңіз.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.