Б.СМАҒҰЛ, Мәжіліс депутаты: Өзектi жанның тiлегi осы

Есігінен көп өрен өрген жанұяларды қолдауды күшейту шынында қажет болатын. Әйтпесе, әлемде күйзелістің тым ұзауы, елде ұлттық валютаның құнсыздануы, тауарлардың қымбаттауы аз қамтылған отбасыларға ауыр тиюде. Сүрінгеніне сүйеу бола алмаса, ол қандай мемлекет? Жұртшылық жүрегінен орын алса, мемлекет ғұмырлы болады. Халық – бір алып. Алайда алып та күйзелетін, қолтықтан демеуді керек ететін кез болады. Өскен ел өскендігін паш еткені жөн. Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету арқылы мемлекет оларға ілгері талпынған қоғамымызбен бірге тыныстауға, бірге өрістеуге, бірге өсуге мүмкіндік береді. Өзекті жанның тілегі осы.

Елімізде тапқан қаржысы қажеттіліктерін өтеуге қанша тырысса да жетпейтін отбасылар бар. Оларға мемлекет демеу болып, қолдау шараларын күшейтуде. Бірақ оның қайтарымы болмаса, бұл өнімсіз іске айналады. Ендеше мемлекеттің қамқорлығымен қанаттанған ұландар биіктерге құлаш ұрып, өздері де елді жаңа асуларға жетелесе, ғанибет. Бұл үшін қаржылық-материалдық қамқорлық сыртында тиісті тәрбие де жүйелі жолға қойылғаны маңызды.

«ЖҚ»

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.