Гүл өсiргiңiз келсе…

* Сіз кейбір адамдардың гүлге су құйған кезде олармен сөйлескенін көрдіңіз бе? Иә, гүлдер де адамдар сияқты өзін жақсы көргенін сезеді. Олар адамның көңіл-күйіне қарап өсіп, жетіледі. Егер үй-ішінде ұрыс-керіс, жанжал, келеңсіз жағдайлар жиі болып тұрса, олар да өздігінен солып, сарғайып, ауруға шалдығуы мүмкін.

* Бөлмеңізге гүлдің жапырақтары жалпақ, домалақ болып келетін түрлерін өсіруге тырысыңыз. Олар үйіңізге табыс келуіне әсер етеді.

* Гүліңіздің ауруға шалдыққанын, сарғайып кеткенін байқасаңыз, олардың орнын басқа жерге ауыстырыңыз. Егер ол жерден оңалып кетсе, онда жақсы. Болмаған жағдайда одан құтылғаныңыз жөн.

* Үйде мүмкіндігінше тікенекті гүлдерді (мысалы, кактус) ұстамаңыз. Ол отбасында ұрыс-керіс шақырады.

* Бөлмеңізде өзіңізге ұнамайтын бұрыштар болса, оларды бейтараптандыру үшін шашыраңқырап өсетін гүлдерді өсіруіңізге болады.

* Өсімдіктеріңіз әрдайым таза, әдемі болуы керек. Егер сіздің оларға қарауға уақытыңыз болмаса, қарауды көп қажет етпейтіндерін таңдауға тырысыңыз немесе мүлдем оларды өсірмеңіз.

* Гүлдер адам өмірінің алға басуына септігін тигізеді. Адамның белсенділік танытуына қуат береді. Сондықтан, егер ұйқыңыз тыныш болсын десеңіз, оларды жатын бөлмеге қоймаңыз.

* Бөлмеде солып қалған гүлді ұстамауға тырысыңыз. Кейбір адамдар кептірілген гүлдерден әдемі композициялар жасауды ұнатады. Ал олар – солған, өлген гүлдер деп есептеледі. Олар адам өміріне, күнделікті әрекеттеріне қарсы энергия туғызуы мүмкін. Сол себепті оларды сақтамауға тырысыңыз. Әсіресе, сіз жұмыс істейтін бөлмеде, атап айтқанда ғылыммен айналысу, кітап жазу, зерттеулер жүргізу, т.б. кезінде ондай гүлдер кері әсер етеді.

* Тірі гүлдердің орнына көп жағдайларда жасанды гүлдер қолданылады. Мұндай гүлді үйге немесе кеңсеге сатып алмауға тырысыңыз. Олар да өлі қуат көзі ретінде ісіңізді жүргізбей, тоқтатып қояды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.