ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 600 ШАҚЫРЫМҒА ЖУЫҚ ЖОЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Ағымдағы жылы Түркістан облысында жалпы ұзындығы 968 шақырым жол мен 5 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Оның ішінде, 2018 жылдан 21 нысан     (435,6 шқ. жол) өтпелі болса, 2019 жылы жаңадан басталатын 30 нысанға (532,4 шқ. жол, 5 көпір) тиісті қаржы қаралған.

Түркістан қаласы облысы орталығы мәртебесін алғаннан бастап, аудан қалаларды облыс орталығына жалғайтын негізгі жолдардың жағдайына баса назар аударылуда.

Бұл ретте, облыстың оңтүстік бағытындағы Мақтаарал, Жетісай, Шардара, Арыс, Ордабасы аудандарында 81,1 шақырымды құрайтын 4 жолға күрделі,                ұзындығы 223,9 шақырымдық 6 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіле бастады.

Шығыс бағыттағы Төлеби, Сайрам, Түлкібас аудандарында 23 шақырымды құрайтын 3 жолды қайта құру, 64,5 шақырымдық 4 жолды күрделі, 56,2 шақырымдық 5 жолды орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде.

Одан бөлек, Келес, Сарыағаш, Қазығұрт аудандары аумағынан өткен 67,1 шақырымдық 3 жолда күрделі, 124,5 шақырымдық 7 жолда орташа жөндеу жұмыстары мерзімінен ерте басталып отыр.

Сондай-ақ, Түркістан қаласына жақын орналасқан Бәйдібек, Отырар, Созақ аудандары мен Кентау қаласында  92,2 шақырымды құрайтын 4  жолға күрделі, 234,8 шақырымды құрайтын 6 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүруде. 

Айта кетерлігі, 2019 жылдың қорытындысымен жалпы Түркістан облысы бойынша 584,4 шақырымды құрайтын 24 жол және 5 көпірді пайдалануға беру жоспарланған.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жүктелген ауқымды жұмыс көлемін сапалы және мерзімінде орындау мақсатында құрылыс-монтаждау жұмыстарға жауапты техникалық, авторлық қадағалаушы және мердігер мекемелермен тұрақты жиналыстар өткізілуде. Нысанда орын алуы мүмкін қиындықтар алдын ала талқыланып, шешу мақсатында жұмыстар атқарылуда. Әр нысанға бекітілген жұмыс-өндірістік кестеге сәйкес құрылыс жұмыстары қатаң бақылауға қойылып, нысандарды  аралау-тексеру іс-шарасы қолға алынған.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.