Д.ЕСПАЕВА, Мәжіліс депутаты: … бұл шағын бизнес өкiлдерiнiң аяғына тұсау болып отыр

Бизнес заңы бойынша сату көлемі ұлғайып, бәсекелестік пайда болған кезде, қызмет құны төмендейді. Алайда, банк секторында бұл байқалмай отыр.

Жоғары баға – қолма-қол төлемнің дамуына кедергі келтіретін басты факторлардың бірі. Әсіресе, бұл шағын бизнес өкілдерінің аяғына тұсау болып отыр.

2,5 проценттік банк комиссиясы кәсіпкерлер үшін тиімсіз, сондықтан олар көп жағдайда POS-терминалдардан бас тартып жатады.Дүкендердегі тауарлар комиссияны қоса есептегендегі бағамен сатылады, яғни тұтынушының қалтасынан алынады.

Егер комиссия төмендесе, сауда орындарының шығыны азайып, бағаның өсуін тежеуге болар еді.

sputniknews.kz

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.