А.Перуашев, Мәжіліс депутаты: …жауапкершiлiктен қорқатын болады

Жемқорлық­пен күресті қатаң түрде жүргізу қажет. Және деваль­вация себе­бінің ең көп бөлігі жемқор­лыққа қатысты деп ойлаймын. Мысалы, экономиканы дамытуға, бюд­­жетті бағдарламаларды жүзеге асыруға бөлінген қаражат ұрла­нып, желініп, шетелге өтіп кетеді. Бұған дейін де айтып өткенмін, жемқор­лық­қа қарсы күрес агенттігінің мәліметі бойын­ша Қостанайда авто­жолды жөндеу жұмыстары бойынша болған тен­дер­дің 50 пайызы желінген. Бұл не сұмдық!? Бізде қазір жемқорлық фактісі емес, қанша ақша желінгеніне таңғала­тын болдық. Мұнда негізгі сома, әрине, мемлекеттік сектор арқылы сатып алу кезінде шығарылады. Адамдар мәселесін шешу үшін осылай ақша беріп, жүгіруге мәжбүр. Сондықтан, жемқорлық факті­сі туралы хабарлап, ақша беруге мәжбүр болған тұлғаны жауап­кер­шіліктен босату керек деп ойлай­мын. Бірақ, қазіргі таңда олар да жауап­кер­шілікке тартылады. Егер, оларды жауапкершіліктен босатса, бұл жемқор­­лық шынжырын үзе аламыз. Сонда пара беруге мәжбүр болған адам­ да параны кім сұрағанын, ақшаны қандай жағдайда бергенін айтуға мүм­кіндік болады. Біз бұл шеңберді осылай үзсек, адамдар жоқ дегенде қорқа бастайды. Құдай­дан емес, жауап­кершіліктен қор­қатын болады.

КТК

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.