ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

Биылғы жылы ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша енгізілген өзгерістерде соттар қарайтын азаматтық істердің бір бөлігі нотариустарға берілді.
Бұған берешекті өндіріп алу бойынша даусыз талаптар кіреді. Балаларды асырауға алимент өндіріп алу, медиативтік келісімдерді орындау туралы және басқа да даусыз құжаттардан туындайтын азаматтық істердің 10 санаты сотта жеңілдетілген іс жүргізу нысанында қаралатын болады. Оның мерзімі үш күнмен шектеледі.
Енді жер учаскесіне құқықтың пайда болу негіздеріне қарамастан, нарықтық құны бойынша мемлекеттік қажеттіліктер үшін алынатын болады.Қазіргі уақытта алып қойылатын учаскенің құны кадастрлық баға немесе азаматтық-құқықтық шартта немесе сот шешімінде көзделген құн бойынша анықталады. Бұл бағалар жер учаскелеріне нарықтық баға деңгейіне сәйкес келмейді. Мемлекет пайдасына одан алынған учаскенің орнына меншік иесіне тең құнды жер учаскесін беруге байланысты шығыстарды әкімдіктер көтереді. Жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын жасау және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу туралы шарттасу кезінде нотариус оның депозитіне сатып алушы тарапынан ақша есептеген кезде, жылжымайтын мүлікке құқық сатып алушыға тіркелмегенше оларды сатушыға бермейді.

Серік ПРАЛИЕВ,
Шымкент қаласы
әділет департаментінің
бас маманы.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.