Әлем елдерiндегi сайлау туралы қызықты деректер

* Перуде ел азаматтары сайлауға міндетті түрде қатысуы тиіс. Дауыс берме­гендер мемлекеттік қызметтерден қағыла­ды. Ал жастар өзінің алғашқы төлқұ­жатын бірінші сайлауға қатысқаннан кейін ғана ала алады.
* Дамыған, демократиялық Швей­цария­да әйелдер сайлауда дауыс беру құқы­ғына тек 1971 жылы ғана ие болған.
* АҚШ-тың Нью-Мексико штатында екі үміткер бірдей ұпай жинаған жағ­дайда қандай да бір ойынды ойнау ар­қылы жеңімпазды анықтайтын заң бар. Соңғы рет бұл заң 1998 жылы қолда­нылып, карта ойынынан ұтқан адам губер­натор­лыққа ие болған.
* Италияда біреудің дауыс беру бюлле­тенін бүлдірген адам 6 жылға соттал­уы мүмкін.
* Солтүстік Кореяда әр 5 жылда сай­лау өтіп тұрады, бірақ бюлле­тень­дерде бір ғана адамның есімі жазылады. Бұл –елдің қазіргі билік басындағы көшбасшысы Ким Чен Ынның есімі.
* Швейцарияда 100 күннің ішінде 50 мың адамның қолын жинау арқылы ел үкіметі қабылдаған кез-келген заңның күшін жоюға болады.
* Эквадорда сайлаудан бас тартқаны үшін ірі айыппұл салынады. Австралияда да солай.
* Дауыс беруге ең көп қатысатын халық Бельгияда. Мұнда себепсіз сайлауға қатыспағандар бірінші жолы 50 евро, екінші рет қайталаса – 125 евро төлейді. Дауыс беруге төрт рет қатарынан бармаған адам 10 жыл сайлау құқығынан айырылады және мемлекеттік қызметке орналаса алмайды.
* Пәкістанда сайлауға қатыспағандар ең кемі 60 доллар төлейді, ал өрескел заңбұзушылар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
* XX ғасырда ел президентінің қайтыс болуына байланысты мерзімінен бұрын өткен сайлауда үміткер Педро Ласкурайн басым дауыспен жеңіп шығады. Бірақ, ол президенттік өкілдігін бір сағат қана атқарып, тақ мұрагерін тағайындайды да, өз еркімен өкілеттігінен бас тартады.
* Уругвай халқы президент Хосе Мухикуды қатарынан бірнеше мерзімге сайлайды. Ақыры президент өзінің қартайғанын, енді демалғысы келетінін айтып, өз еркімен лауазымынан бас тартады. Мухика әлемдегі ең кедей және адал президент ретінде тарихта қалған. Уругвайлықтар оны әлі пір тұтады.
* Даниялық әзілкеш-актёр Якоб Хаугард 1979 жылы өз елінің парла­ментіне қалжыңға құрылған бағдар­ла­мамен дауысқа түседі. Онда саясаткер «8-8-8» жүйе­сіне негізделген күн тәртібін ұсынады. Яғни, 8 сағат бос уақыт, 8 сағат демалыс және 8 сағат ұйқы. 1994 жылы ол қажетті дауыс санын жинап, Дания парламентінде 4 жыл отырады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.