ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҮЗДІК МЕЙІРБИКЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістанда «Халықаралық мейірбекелер күніне» орай салтанатты іс-шара өтті. Түркістан облысы әкімдігі мен Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен өткен жиында өңірдің ақ халаттылары марапатталды.

Аталған іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев қатысты. Өңірдің 100-ден астам мейірбекелеріне облыс әкімінің атынан, облыстық мәслихаттың және Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының атынан марапаттау қағаздары тапсырылды.
Кәсіби мерекеге орай облысымыздың «Ең үздік мейірбеке», «Ең үздік акушер», «Ең үздік фельдшер» номинациялары берілді. Осы номинация иегерлеріне (ең үздік) заманауи теледидар және «Ақсу – Жабағылы», «Біркөлік» оңалту-сауықтыру кешендеріне 20 жолдама сыйға тарту етілді.
Іс-шараға Түркістан облысының түкпір-түкпірінен денсаулық саласына еңбегі сіңген 20 шақты ардагерлер шақырылған. Сонымен қатар, ақ халаттыларға бағалы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, бұл күні медбикелер айрықша құрметке ие болды.
Бүгінгі таңда өңіріміздегі 42 медициналық ұйымда медбикелермен қамтамасыз ету жағы 100 пайызды құрайды. Бұл еліміз бойынша ең үлкен көрсеткіш. Бүгінде өңірдегі медицина мекемелердің материалдық-техникалық жабдықталуы анағұрлым жақсарды. Заманауи құрал-жабдықтар мен қондырғылар тек облыс орталығында ғана емес, аудандар мен қалаларда да орнатылуда. Бүгінде облыстағы медициналық ұйымда 17 мыңға жуық буын қызметкерлері халыққа қызмет көрсетеді. Халықтың денсаулығын сақтау сынды асыл міндет мемлекеттік саясаттың негізі болып отыр.
Қазақстанның денсаулық сақтау саласында қазір 170 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді.
Ақ халатты абзал жандардың мерекесі концерттік бағдарламамен ұласты.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.