Серіктестік ұжымы сенім білдірді

ҚР Президенттігіне Кандидат Қ.К.Тоқаевтың Түркістан облыстық қоғамдық штаб мүшелері мен сенімді өкілдер еңбек ұжымдарымен және түрлі сала қызметкерлерімен кездесуде.

Бүгін облыстық штаб басшысы Ұласбек Сәдібеков Сарыағаш ауданы, Ақжар ауылдық оклугінде орналасқан «AgroFood Kazakhstan» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесіп, ҚР Президенттігіне Кандидат Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндірді.

— Кандидатымыз тәжірибелі саясаткер және әлемдік деңгейдегі беделді дипломат. Ол еліміздің ішкі мәселелерімен бірге халықаралық  жағдайды да жақсы біледі. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап халықаралық аренада Қазақстанның мүддесін қорғап, біздің дипломатиялық қызметімізді дамыту бойынша үлкен жұмыс атқарды — деді Ұласбек Сәдібекұлы.

Ауылшаруашылығы саласында диқандар тек жылыжайды ғана емес, интенсивті бау ісін де шебер дамытуда. Соның бірі «Ақжар» ауылынеда орналасқан «AgroFood Kazakhstan» серіктестігі 275 гектар аумақта интенсивті бау егумен айналысып келеді. Тамшылатып суғару әдісін тиімді пайдаланып, мол жеміс-жидек өндіріп отыр. 130 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қарқынды баудың өнімін арттыру арқылы алдағы уақытта өңірімізге келетін алма импортын 6 пайызға азайтып, экспортты ұлғайтуға үлкен мүмкіндіктер тумақ.

Жиында облыстық штаб басшысы ҚР Президенттігіне Кандидат Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы айқын басымдықтарды айтып өтті.

— Кандидатымыздың сайлауалды тұғырнамасы сабақтастық, әділдік және өрлеу қағидаттарында құралған. Сондай-ақ, кандидатымыз  агроөнеркәсіптік кешеннің сапалы дамуына жағдай жасау қажет деп санайды. Жаңа технологияларды енгізу, ауылшаруашылық өнімдерінің өңделуін және тереңдігін арттыру, отандық өнімдердің экологиялық қауіпсіздігін жақсарту үшін алдағы уақытта арнайы жұмыстар атқарылатын болады – деді.

Облыстық мәслихат депутаты Алмас Салимов, «AgroFood Kazakhstan» ЖШС құрылтайшысы Құдияр Артықұлы және ұжым атынан сөз алған Нарман Хинизов бүгінге дейін еліміздегі көшбасшы партияның көптеген істерге ұйытқы болғандығын жеткізіп, алдағы уақытта да үлкен істерді атқаратындығына сенім білдірді.

Облыстық штаб басшысы 9 маусымда өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына белсенділікпен қатысып, Қасым-Жомар Тоқаевқа дауыс беруге шақырды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.