ТҮРКІСТАНДА «АМАНАТ» АЗАМАТТЫҚ АЛАҢЫНЫҢ СЕМИНАР-КЕҢЕСІ ӨТТІ

Түркістан қаласы Жастар Ресурстық орталығында «Аманат» азаматтық алаңының Түркістан облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен баспасөз конференциясы болып өтті. Жиынға техника ғылымдарының докторы, республикалық «Аманат» азаматтық платформасының штаб мүшесі Дуамбеков Мұсағали, республикалық «Аманат» азаматтық платформасының штаб басшысы Лима Диас, «Аманат» азаматтық платформасының Түркістан облыстық өкілдігінің жетекшісі Орманов Бектай және аудан, қалалардағы мобилді капитандар қатысты. Қонақтар «Аманат» азаматтық алаңының мақсаты мен сайлаудың әділ өтуі үшін қолға алынған жұмыстарымен таныстырды.

Баспасөз мәслихатынан кейін «Жастар ресурстық орталығында» аудан, қалалардан келген мобильді капитандардың қатысумен семинар-тренинг өтті. Семинарды техника ғылымдарының докторы, республикалық «Аманат» азаматтық платформасының штаб мүшесі Дуамбеков Мұсағали жүргізіп отырды. Ол аудандар мен қалаларға бекітілген мобилдьді капитандардың жұмыс бағыттарын айтып, сайлау үшін қажетті жағдай жасаудың бес негізгі бағытын түсіндірді. Сайлау бөлімшелеріне бекітілген бақылаушылардың құқықтары мен жүктелген міндеттерін түсіндіру, олардың жұмысын қадағалауға басшылық жасау бойынша дәрістер өтті. Сонымен қатар сайлау күні сайлаушылардың дауыс беруі кезінде заңсыздықтар мен келеңсіздіктерге жол бермеудің алдын-алу шаралары да түсіндірілді. Барлық қатысушыларға «Бақылаушы блокноты» таратылып берілді.
Сондай-ақ келесі мәжіліс залында облыс жастарымен де семинар-трениниг өткізілді. Семинарды республикалық «Аманат» азаматтық платформасының штаб басшысы Лима Диас жүргізді. Ол онлайн заңгерлік кеңес беру қызметін құру және алғаш рет дауыс беретін жас сайлаушылардың құқықтары мен міндеттері жөнінде баяндады. Түркістан облысының барлық өңірлерінен жиналған жастар сайлау жөнінде көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып, модератормен пікір алмасты.
Елімізде сайлау барысына қоғамдық мониторинг жүргізу мақсатында құрылған «Аманат» азаматтық алаңы 22 сәуірден өз жұмысын бастағаны белгілі. 29 сәуірде «Аманат» азаматтық платформасының Түркістан облыстық өкілдігі алғашқы жиынын өткізді. Бүгінде қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері, жастар, сарапшылар, азаматтық белсенділердің шоғырланған тәуелсіз ерікті бірлестігі жемісті жұмыс атқарып келеді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.