Б.САРЫБАЙ, жазушы: Нағыз сауатсызбыз

Көңілімді қал­дыратын нәр­­се –арзан­дап кеттік. Жалпы дүние­ге деген көз­қарасымыз, құн­дылық­тары­мыз­дың орны ауысып кетті.
Арзан эстра­даңыз, арзан шоуларыңыз, әжуаларыңыз – бәрі.Тағы да “ақсақ түйелердің” бірі – ақшаға тренинг өткізетіндер. Соларға қандай адамдар алданады? Білімсіз, тобырға айналған адамдар ғана. “Аңқау елге арамза молда” дегендей, қалталарындағы ақшаларын суырып алып, өтірік ақылдарын боратып жатыр.
Қазір біздің халқымыз сауат­сызданып бара жатыр. Сол сауат­сыз­дықтың бір ғана көрінісі осы. Инстаграмда да ондайлар өріп жүр. Бірдеңе “ханым” дегендер отырып алып, ақшаға ақыл айтады. Сондай қатындарға ақша беріп отырған халық сауатты деп айта аламыз ба? Нағыз сауатсызбыз.

stan.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.