ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА БИДАЙ АЛҚАБЫ 15 800 ГЕКТАРҒА ҰЛҒАЯДЫ

Биылғы жылы Сайрам ауданында 53 мыңнан аса гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланып отыр. Өткен жылы оның көлемі 52 мың гектарды құраған. Атап айтқанда бидай алқабын 15 800 гектарға ұлғайту көзделсе,  арпаны 1800 гектарға егу жоспарлануда. Ал, дәндік жүгеріні 350 гектарға, бұршақты дақылдарды 150 гектарға,  мақсарыны 10 100 гектарға орналастыру межесі тұр.

Сонымен қатар, 100 гектарға күнбағыс, 12 300 гектарға ескі жоңышқа, 4100 гектарға жаңа жоңышқа, 200 гектарға сүрлемдік жүгері, 4500 гектарға көкөніс, 3500 гектарға картоп егілмек. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 752 гектар жерге артық егіс егіледі деген сөз. Оның ішінде картоп егістігінің көлемі 3500 гектарға ұлғаймақ.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.