Тiрi жүрек басып шығарылды

Тель-Авив университетінің ғалымдары алғаш рет 3D-принтер көмегімен кішкентай тірі жүректі басып шығарды. Енді жүрек ауруына шалдыққан науқастар жылдар бойы жүрек донорының кезегінде тұрмайды.
Израильдың Kan мемлекеттік радио­сының хабар­лауынша, басылған жүрек құлпы­найдың көле­міндей ғана. Ол науқастың қан-тамыр бұлшық еттері жасушаларынан тұрады, дәнекер тінімен араласқан және 3D принтеріне орналастырылған май жасушаларынан құралған. Бұл жүрек қазірдің өзінде қоянның жүрегін алмастыра алады. Алдағы 10 жылда аурухананың өзінде адамның да жүрегін басып шығару мүмкін болмақ.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.