14 жасар ғалым
АҚШ-тың Небраска штатындағы Белвью университетіне 9 жасында түсіп, 12 жасында веб-технология бакалавриатын бітірген Келтон Костис 14 жасында ақпараттық менеджмент бойынша магистрлік диссертациясын қорғады.
Қазір 14 жасар жас ғалым өзіне жұмыс іздеуде. Оның мақсаты – үкіметке немесе киберқауіпсіздікпен және ақпараттық технологиялармен айналысатын компанияға қызмет ету. Бірақ, ол бұл жетістігімен тоқтап қалмай, тағы бір магистрлік немесе докторлық дәреже алуды көздеуде.