22 ӘЙЕЛ ЕМДЕЛІП ЖАТЫР

«Шымкент қалалық №2   аурухананың COVID орталығында коронавирус жұқтырған 22 әйел емделіп  жатыр. Оның жетеуі босанған әйел».  Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастырған баспасөз туры барысында айтылды.

— Аурухананың COVID орталығы 100 орынға бейімделген. Бүгінде 22 әйел ем қабылдап жатыр. Оның 7-еуі босанған, 15-і жүктіліктің түрлі мерзіміндегі әйелдер. Науқастардың денсаулығы орташа-қалыпты. Емдеу уақыты науқастың жағдайына қарай  5-12 күнге дейін созылуы мүмкін,- дейді Шымкент қалалық №2 аурухананың бас дәрігері Асқар Рахматалиев.

Айта кетейік,  БАҚ өкілдері тур баоысында санитарлық талаптарға сай  қорғаныш киімдерімен қамтамасыз етілді.

Замира АЛДАБЕРГЕНОВА

Суреттерді түсірген Серік ҚОСАЕВ

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.