24 жастағы өз балаларын отқа қақтап өлтірген ана сотталды
АҚШ-тың Джорджия штатына қарасты Атланта қаласында орын алған оқиға бұл. 24 жастағы ана өзінің бір және екі жастағы балаларын отқа қақтап өлтірді деп айыпталуда, деп reactor.inform.kz хабарлайды newsru.com сайтына сілтеме жасап.
Ламора Уильямс есімді арудың психикалық ауытқулары болған. Десе де, ол ешқашан ауруханаға бармаған екен. Оның дерті әкесі қайтыс болған соң асқынып кеткен.
Алайда, Ульямс балаларын өлтірмегенін дәлелдеп бағуда. Ал, жергілікті полция оның бұл айтқандарына сенер емес.