25 қарашадан бастап ауа-райы суыта бастайды

Қазақстан аумағының басым бөлігіне Сібір антициклоны әсер етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Осыған байланысты 23-25 қарашада аз бұлтты, жауын-шашынсыз, ауа температурасы 5-10 градусқа климаттық нормадан жоғары ауа райы сақталады, тек республикамыздың шығысы мен оңтүстігінде бұл нормаға жақын болады.

Алдағы үш тәулікте оңтүстік циклонның жылуы әсерінен, антициклон жотасы бұзыла бастайды. Циклонның атмосфералық ағындары шығысқа жылжу барысында, басында батыс өңірде, ал 25 қарашадан бастап республиканың басқа да облыстарында жауын-шашын, көбінесе ылғалды қар түрінде, оңтүстігінде жаңбыр, кей жерлерде тұман, солтүстік облыстарда көктайғақ күтіледі.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.