26 шетел азаматтары елден шығарылған
QAZYGURT.KZ: Атырау облысында жыл басынан бері 26 шет ел азаматы ел аумағынан тысқары шығарылған. «Таяуда сот шешімімен ҚХР азаматын ел аумағынан шығару жөнінде шешім қабылданды. 53 жасар шетелдік облыс аумағына іскерлік визамен (жұмыс жасауға рұқсат етілмеген) келіп, қаладағы компаниялардың бірінде қаржы директоры болып жұмыс жасаған», — делінген хабарламада. Полиция департаментінің мәліметінше, көші-қон полициясы жүргізген жедел алдын алу шаралары нәтижесінде жыл басынан бері Атырау облысынан Қазақстан Республикасы заңнамасын өрескел бұзғаны үшін 26 шет ел азаматы ел аумағынан шығарылған. Олардың 22-і Өзбекстан азаматы болса, 4-і Қытай азаматы. Сондай-ақ, өңірде 2019 жылы барлығы көші-қон саласы бойынша 594 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.
АҚПАРАТ көзі: inform.kz