ОҚО әкімі «Phoenix Global» компаниясының өкілдерімен кездесті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Phoenix Global» компаниясының ТМД және Орта Азия елдері бойынша аймақтық директоры Ашил Каул бастаған делегациямен кездесті. Кездесу барысында тараптар ауыл шаруашалығы саласын дамыту бағытында әңгіме өрбітті.

Компания басшылығының мәлімдеуінше Қазақстанда 42 мың 204 гектарға жуық жері бар, онда негізінен бидай, арпа егіліп, жем-шөп азықтарын дайындау саласына басымдық берілген.

Аталған компанияның әлемдік ауыл шаруашылығын дамытуда да қосып отырған үлесі орасан. Тек қана бидай егу ғана емес, күріш өсіру, өсімдік майын өндіру ісімен де айналысады. Сондай-ақ фермерлік шаруашылықты дамытып, бау-бақша, гүл өсіру ісінде де жеткен жетістіктері аз емес екен.

Компанияның мүмкіндіктеріне қаныққан өңір басшысы қонақтарға облысымыздағы ауыл шаруашылығы саласындағы жетекші секторларды әңгімелеп берді. Сондай-ақ алдағы уақытта ынтымақтастық негізде бірлесе жұмыс істеуге әзір екенін жеткізді.

Кездесу соңында тараптар естелікке суретке түсіп, сый-сияпат алмасты.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.