«7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ КІМДЕР БАСПАНАЛЫ БОЛА АЛАДЫ
«7-20-25» бағдарламасы бойынша төлем қабілеттілігі расталған азаматтар жылдық мөлшері 7 пайызды құрайтын, бастапқы жарна 20 пайыз, мерзімі 25 жылға дейін берілетін несиелендіру шарттарымен тұрғын үй алуға болады.
Бағдарламаға қатысу шарттары:
— Қазақстан Республикасының азаматының болуы;
— Ипотекалық несиелердің болмауы;
— Табыстың болуы;
— Баспананың болмауы.
Бұл бағдарламаны несиелендіру бойынша екінші деңгейлі 8 банк жұмыс атқаруда. Олар: «Банк Центр кредит» АҚ-ы, «Еуразиялық Банк» АҚ-ы, «Банк RBK», «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ы, «Forte Bank» АҚ-ы, «Сбербанк» АҚ-ы, «Altyn Bank» АҚ-ы, «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ-ы.
Бағдарламаның негізгі талаптарына сәйкес, үміткерлер белгілі бір пәтер түріне өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;
2) жылжымайтын мүліктің жоқтығы (барлығы) туралы анықтама;
3) ипотекалық жылжымайтын мүлік үй қарыздарының жоқтығын дәлелдейтін кредиттік бюроның кредиттік есебі;
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының соңғы алты айдағы жеке зейнетақы зейнетақы шотынан үзіндісі;
5) жұмыс орнынан табысы туралы анықтама:
Әрбір азамат төлем қабілеттілігін растау кезеңінде банктің талабы бойынша қажетті құжаттарды ұсынады.
Егер өтініш беруші тиісті кірісті растамаса, онда келесі өтініш берушілердің алдын ала тізімдерінен іріктеу жүргізіледі.
«Shymkent-baspana.kz» сайтына «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «7-20-25» бағыты бойынша несиелік тұрғын үйлер алуға жалпы 11919 өтінім келіп түсті.
Оның ішінде;
1-бөлмелі пәтерлерге – 3324 өтінім,
2-бөлмелі пәтерлерге- 4592 өтінім,
3-бөлмелі пәтерлерге-4003 өтінім келіп түсті.
Несиелік тұрғын үйлерді «Shymkent-baspana.kz» сайты арқылы автоматты түрде басқарманың теңгеріміне қабылданған үйлердің санына қарап орналастырылады.
Бүгінгі таңда барлық өтінімдерді қарау жұмыстары жүргізілуде. Алдымен бағдарламаға қатысушы азаматтардың жалпы тізімі «Shymkent-baspana.kz» сайтында жарияланатын болады.
Несиелік тұрғын үйлердің орналасқан мекен-жайы: Шымкент қаласы, Тұран шағын ауданы – 11, Арғынбеков көшесі-2.
Қабат саны – 12 және 9
1 ш/метрінің бағасы, таза әрлеуде: 180 000 теңге.
Берілетін тұрғын үйлерде 900 пәтер, оның ішінде бір бөлмелі — 300 дана (ауданы – 32,7-49,3 ш.м.), екі бөлмелі -300 дана (ауданы – 61,0 -66,0 ш.м.), үш бөлмелі — 300 дана (ауданы – 74,5- 82,0 ш.м.).
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы