ЖҮЗ ДЕРТКЕ — ЖҮЗ ДАУА
Асқазанда жара болса…
Асқазаныңызда жара (язва) болса, жантақтың гүлін күніне бір шәйнекпен шәй етіп демдеп. 1 немесе 1,5 ай ішсеңіз, асқазан жарасы жазылады.
Асқазаныңыз бұзылса…
Асқазаныңыздың ас қорыту жүйесі бұзылса, 2 дана лимонды турап, 1,5 салқын су құйып, 15-20 минут баяу отта қайнатыңыз. Кішкене қант қосып, шәй ретінде ішіңіз.
Іш қатса…
Таңертең ашқарынға 1-2 шым-шым тұз салынған су ішіңіз немесе ас содасы қосылған 2 стакан су ішсеңіз де пайдалы. Ұйқыға жатар алдында итмұрын тұнбасын ішу, алма жеу де пайдалы. Сондай-ақ қызылша, сәбіз, асқабақ салаттарын жесеңізде өте пайдалы.
Қан қысымын төмендету
Жаға саулыған қойдың 1 литр сүтіне дәл сонша мөлшерде су құйып, ыдыста 1 литр сұйық қалғанша қйнатыңыз. Осы қайнатпаға дәміне қарай бал қосып, күніне 200 грамнан 5 мезгіл ішесіз. Осыны аптасына 3 күннен қабылдайсыз. Қан қысымыңыз төмендегенше ішесіз.
Жүрек ауруының емі
200 грамм грек жаңғағын қабығынан тазартып, осындай мөлшерде кептірілген өрік пе мейізді және бір лимонды еттартқыштан өтікізіп, 300 грамм балмен араластырып, бір сағаттай қойып қою керек. Тоңазытқышта сақтап, күніне 1-2 рет қасықтан қабылдап отырған жөн.
Жөтел қысса…
Бір банан езіп немесе үккіштен өткізіп. 3 қасық бал мен араластырып, күніне 4-5 рет жеу керек. Жөтел сап тиылады.