Оңтүстік өңірлерден солтүстікке 1 858 отбасы көшті

QAZYGURT.KZ: «Еңбек» бағдарламасы аясында еліміздің жұмыс күші артық аймақтарынан 1 858 отбасы көшірілді.

«2018 жылдың қортындысы бойынша, еңбек күші артып жығылатын аймақтардан солтүстік өңірлерге 6 766 адам немесе 1 858 отбасы қоныс аударды. Қоныс аударған азаматтардың ішінде  еңбекке жарамдылар саны 3 265 адам болса, оның  2 263-і жұмыспен қамтамасыз етілді.  Соның ішінде 180 адам кәсіпкерлікпен айналысады, 112 адам жаңа тұрғылықты жерінде оқумен қамтылды», — делінген министрлік мәліметінде. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында еңбек ресурстарының мобильдігін ынталандыру үшін өз еркімен қоныс аударған азаматтарды мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған.

 

АҚПАРАТ көзі: inform.kz 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.