Басыңыз ауырса…
Қатты бас ауырғанда желкеден бастап белге дейін массаж жасап, басуға болады:
Күніге таңертең 1 стақан сүтке 1 ас қасық бал салып, 0,2 г тасдәріні (мумие) қосып ішу керек;
Бастың ауырған тұсына қырыққабат, өгейшөп, жалбыз жапырақтарын басады;
Киікоты (душица) жапырағын майдалап турап, иісін иіскеп бас ауруынан арылуға болады;
Қыша қағазын 15 минут желкеге қойып бас ауруын емдеуге болады;
Картопты домалақ әрі жұқа етіп турап бастың ауырған тұсына таңса шипа болады;
Қатты уайымдап, ойланғаннан бас ауырса, жылы бұлау қабылдап, аяқты ыстық суға
15-20 минут салып отырады. Содан соң 1 стақан қайнаған ыстық суға 1 шай қасық жалбыз ұнтағын салып демдеп, ыстық күйінде ішеді;
Құлақтың тесігіне сиятындай етіп мақта орайды да, оны қызылша немесе пияз шырынына малып құлаққа тығып қояды. Сосын басты жүннен тоқылған орамалмен байлап тастайды. Бұл тәсіл бас ауруынан толығымен айықтырады;
Бас ауруын емдеудің тағы бір тәсілі – пиязды екіге бөліп, самайға 15-20 минут басады;
Алма сірке суынан дайындалған мұзбен маңдай, самай, желкені ысқылап сүрту керек;
Арнайы медициналық балшықты маңдай, желке, самайға жабыстырып жату керек;
Ас тұзын қалтаға салып 2-3 минутқа мұздатқышқа қояды. Сосын оны бастың төбесіне басып, жатып демалу керек. 10 минуттан соң осы тұзды көзді жұмып сыртынан 10-15 минут басады;
Аяқ, тобық және саусақтарға бар күшпен жылдам 15-20 минуттан массаж жасайды;
Лимон қабығын самай мен маңдайға басады;
Ыдысқа салқын су құйып, қолды 2-3 минут салады. Енді қолды шығарып, 1 минуттай кептіреді. Осы емді 3-4 рет жасап бас ауруынан арылуға болады.