М.ЕЛЕУСІЗОВ, эколог: Ауылды көтермесек, қаңғырып кетеміз
Бізге демократия керек. Монополия деген экономика, мәдениетте болсын, білім саласының қайсысында болса да көсегесін көгертпейді. Даму болмайды. Біз қазір қытайдың базары болып кеттік. Сол себептен кәсіпорындарды көтеруіміз керек. Оған толықтай мүмкіншілік бар. Бізге әлгі батыстық технология керек емес. Кейін ауыл шаруашылығын көтеру керек. Ауылды көтермесек, қаңғырып кетеміз. Экологиялық жағдайдың еш жері де жақсарып тұрған жоқ. Жарты градусқа ауа райы жылынды. Оны адам сезбейді. Ал табиғат оны сезіп отыр. Су тасқындары, жер сілкіністері, түрлі табиғат апаттарының күші еселеніп жатыр. Алматының тауларындағы мұздықтардың қырық пайызы еріп кетті. Қоқыс мәселесі де өте өзекті болып отыр.
stan.kz