Балмұздақ дәмдi банан
«Көгілдір Ява»деп аталатын бананның ерекше түрі тұтынушылар арасында үлкен сұранысқа ие бола түсуде. Оған себеп – банан дәмінің балмұздаққа ұқсастығы.
Селекционерлердің көпжылғы еңбегінің нәтижесінде пайда болған «Көгілдір Ява» қазір Азияда, Австралия мен Гавай аралдарында өсіріледі. Оның тәтті, жұмсақ еті ванильді кремді не балмұздақты еске түсіреді. Тағы бір ерекшелігі, бананның бұл түрі суыққа төзімді, сондықтан оның көшетін сатып алып, өз аулаңызға қондырсаңыз да болады. Бірақ, оның биіктігі 4-5 метрге дейін жетеді.