ТҮРКІСТАН: «АДАЛ ЖОЛДЫ ТАҢДАЙМЫЗ» ЭСТАФЕТАСЫНЫҢ ТУЫ САЙРАМ АУДАНЫНА ТАБЫСТАЛДЫ

Ағымдағы жылғы 31 мамыр күні «Түркістан — Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесімен бастау алған жастар арасындағы «Адал жолды таңдаймыз» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық марафон эстафетасының туы Ордабасы ауданынан Сайрам ауданына салтанатты түрде табысталды. Ауданда алғаш рет өткен эстафетаны табыстау рәсіміне жалпы 400 — ге жуық жастар қатысып, эстафета аясында  өткен іс — шаралар нәтижесі қорытындыланды, аудан жастары паториоттық тәрбиеде дайындалған өнерімен бөлісті. Іс-шараға арнайы қатысқан ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша  Департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Ғ.Асанұлы марафонға белсене қатысқан азаматтарға Алғыс хат тапсырды. Жастар арасында «Адал жолды таңдаймыз» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өңірімізде алғаш рет өткізілуде. Айта кетейік, марафон Департаменттен бастау алып әрі қарай, Түркістан, Кентау қалалары мен Созақ, Бәйдібек, Отырар және Ордабасы аудандарында өтті. Марафон аясында түрлі бағыттағы іс-шаралар барлық аудан, қала жастарының белсенді қатысуымен өтіп келеді. Марафонның соңғы форумы, яғни жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 7 желтоқсанда Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында өтеді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.