Жұлдыз жорамал

03.06. — 09.06.

Тоқты
Ешкіммен ұрыспауға тыры­сы­ңыз. Кейін татуласу қиын болады. Жүй­­кеңізді тыныштандыру үшін қол­­өнермен айналысыңыз. Әзірге қомақты табыс табу мүмкіндігі жоқ. Дұрысы, жұмыстан демалыс алып, саяхаттап қайтқан жөн.
Торпақ
Жұмыста да, жеке өміріңізде де біраз қиындықтар болуы мүмкін. Бірақ, сіз бәрін жеңіп шығасыз. Тек дәл қазір ешкімнен қарыз алмаңыз да, бермеңіз де – қайтара алмайсыз. Демалыс күндері қонақ күту сіз үшін пайдалы болмақ.
Егiздер
Маңызды жұмыстарыңызды осы аптаның аяғына дейін бітіруге тыры­сы­ңыз. Шаршасаңыз, демалыңыз, әйт­песе денсаулығыңыз сыр беруі ғажап емес. Балалар біраз қиындық әкелуі мүмкін. Бәрін ашумен емес, ақыл­мен шешіңіз.
Шаян
Бұл аптадағы барлық таныстық бола­шақтың іргетасын қалауға көмек­теседі. Адамдарға жылы шырай­лы болыңыз, сіздің табыс кіл­тіңіз осы. Апта аяғында жұмысқа қатысты тиімді ұсыныс түседі. Ақыл­дас­пай, шешім қабылдамаңыз.
Арыстан
Қай іспен айналыссаңыз да, «не ексе, соны оратынын» ұмытпаңыз. Есі­ңіз­де болсын, жақсылық та, жамандық та қайтып оралады. Бас­тықпен ұрыспаңыз, жұмыссыз қала­сыз. Майлы, ащы асты шектеңіз, асқа­зан мазалауы мүмкін.
Бикеш
Шым-шытырық оқиғаларға толы апта. Дәл қазір қоныс аударуға қолайлы кезең емес, бірдеңе дұрыс бол­мауы мүмкін. Жалғыз болсаңыз, көп­шілікпен араласыңыз. Перзент сүюді армандап жүргендердің айы оңынан туғалы тұр.
Таразы
Барлық жағдай сіздің оң жам­басы­ңызға келіп тұр. Тіпті бұрын қолы­ңыздан келмеген нәрсенің өзін шырқ үйіресіз. Демалыста жұмысты да, үй шаруасын да ұмытып, дема­лы­­ңыз. Жұмыс ешқашан бітпейді, бәрін үлгеру мүмкін емес.
Сарышаян
Жақында бастаған ісіңіз тоқырап қалуы мүмкін. Не істесеңіз де нәти­жесі болмайды, көндігіңіз. Жұмыста бәрі­мен жақсы қатынаста болы­ңы­з, әйтпесе аяқтан шалу­шылар аз бол­майды. Жарыңыз да сіздің жылы қабағыңызға зәру.­
Мерген
Не істеп, не айтқаныңызға мұқият болы­ңыз. Кейде үндемей қалған да дұрыс. Жеке қарым-қатынаста өкпе мен түсінбестік орын алуы мүмкін. Бәрі ушығып кетпеуі үшін бірінші болып кешірім сұрай салыңыз. Жара­қат алу қаупі бар.
Тауешкi
Қанша зәбір көрсеңіз де, ешкімге шағым­данбаңыз. Бар қиындықты жалғыз көтеруіңіз маңызды. Апта­ның аяғына қарай бәрі реттеле бас­тайды. Әсіресе қаржылық жағ­дайы­ңыз кісі қызығарлық: қомақты ақша күтуіңізге болады.
Суқұйғыш
Бау-бақшаның жұмысын әзірге басқа біреуге тапсыра тұры­ңыз, сізге төнген қауіп бар. Айнала­ңыз­дағы­ларға көбірек мақтау айтыңыз, көп өтпей пайдасын көресіз. Дема­лыс­та қызықты саяхат немесе роман­­тикалық кездесу күтіп тұр.
Балық
Бұл аптада бойыңызға үлкен күш-қуат құйылып жатқанын сезі­не­сіз. Ерлік жасап, әлемді бағын­дыруға аттаныңыз! Қай салада да үлкен табыс күтіп тұр. Ерте тұрып, спорт­пен айналысыңыз. Сенбі күні алаяқтардан абай болыңыз.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.