Тамақ қауiпсiздiгiн сақта!

«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламенті 1) техникалық реттеу объектілерін; 2)техникалық реттеу объектілеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын; 3)техникалық реттеу объектілерін сәйкес­тендіру ережелерін; 4) техникалық реттеу объектілерінің осы техникалық регла­мент талаптарына сәйкестігін бағалау нысандары мен рәсімдерін белгілейді.
Беларусь, Қазақстан және Ресейде техникалық реттеудің бірегей ережелері мен негіздері туралы келісімге сәйкес, 2010 жылдың 18 қарашасында «Тағам өнімдері қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының 021/2011 Техникалық регламенті Кеден одағы комиссиясының 09.12.2011 жылғы №880 шешімімен бекітіліп, 01.07.2013 жылы күшіне енген. Тамақ өнімдерін өндіру кезінде, сонымен қатар, оны сақтау, тасымалдау және сату кезінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің ішкі және сыртқы нарығында ХАССП жүйесіне негізделген қауіпсіздік талаптары сақталуы тиіс.
Тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оны өндіру процесінде мынадай рәсімдер әзірленуі, енгізілуі және қолдау табуы тиіс:
1) тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған тамақ өнімін өндірудің техноло­гиялық процестерін таңдау;
2) өндірістік бақылау бағдарламаларындағы технологиялық операциялар мен тамақ өнімі­нің Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі тура­лы бақыланатын кезеңдерін оны өндіру кезең­дерінде айқындау;
3) азық-түлік шикізатына технологиялық құралдармен, орауыш материалдармен, тамақ өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын бұйым­дармен, сондай-ақ тамақ өнімін бақылау­дың қажетті шынайылығы мен толық­тығын қамтамасыз ететін құралдармен бақылау жүргізу.
Тамақ өнімінің таңбалануы оның таң­балануы бөлігінде тамақ өніміне қатысты талап­тарды белгілейтін Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына және Кеден одағының техникалық регламентінің тағам өнімдерінің жекелеген түрлеріне қойылған талаптарына сәйкес болуы керек. Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдері мен сақтау шарттарын дайындаушы белгілейді. Қаптамаларды дайындау үшін пайдаланылатын материалдар, тамақ өнімдерімен байланыста болатын бұйымдар Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс. Тамақ өнімдерін өндіру кезінде пайдаланылатын тамақ қоспаларына, хош иістендіргіштерге және технологиялық құралдарға қойылатын талаптар Кеден одағының техникалық регламентімен белгіленеді.

А.Жолшибеков,
Қаратау ауданы ҚДСБ бөлім басшысы

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.