Қуат үнемдегiш ай
Норвегиялық дизайнерлер коммуналдық қызмет үшін төлейтін ақыны үнемдейтін алғашқы үйдің жобасын жасап шығарды. Оның тұрғындары электр қуатын, жылу мен суды тегін пайдаланып қана қоймай, электромобильдерін тегін қуаттай алады.
Snшhetta компаниясы дизайнерлерінің қолынан шыққан ZEB Multi-Comfort House деп аталатын бұл үй Рингдалскоген қаласында тұрғызылған. Үйдің шатырына фотоэлектрлі және күннен жылу тартатын тақталар орнатылған. Ал үйдің ауласындағы ұңғыма арқылы геотермальды көздер қосымша қуат өндіреді. Арнайы сынақтан өткен соң, мұндай үйлер жаппай қолданысқа енбек.