Т.ТЕМЕНОВ, Қазақстанның халық әртісі: … рухани жағынан соғұрлым төмендеп барады
Қазіргі ұрпақ – кітап оқымайтын ұрпақ. Барлығының отыратыны – инстаграм мен фейсбук. Барлығының алданыш еткені – компьютер ойындары. Кітап оқу бұл өнердің өнері, қиынның қиыны болып кетті. Адамға неғұрлым техникалық мүмкіндік көбейген сайын адам соғұрлым жалқаулана бастады. Кітапханаға жастар барып, кітап оқығысы келмейді. Рас, керек ақпаратты интернеттен-ақ таба алады. Бұл интернеттің дамығаны бір жағынан жақсы, бірақ екінші жағынан, мұның бәрі адамды жалқаулыққа, сайранқұмарлыққа, даңғазалыққа, дарақылыққа апарып жатыр. Адамның қолын байлап, көзін байлап отыр. Адам техникалық жағынан қанша биікке көтерілсе, рухани жағынан соғұрлым төмендеп барады.
astana-akshamy.kz