Д.РАМАЗАН, жазушы: Алтыбқан алауыз. Неге?

Мен де қазақпын. Бірақ өз қазағымның кейбір мінездері мүлде ұнамайды. Ең жаманы бір-біріне қайырымсыз, мейрімсіз, қатыгез. Итше ырылдасқанын қойшы, қолынан келсе бір-бірін итше талағысы келіп тұрады. Итше талап та жүр…
Бір-бірінің көңілін қалдыруды, жан-жүрегін жаралауды, бір-бірін аяқтан шалуды, бірін-бірі түртпектеуді, бір-біріне сын садағын қадауды, бір-бірінің алқымынан алуды, жаға жыртысуды, айтысып-тартысуды, қолында билігі барлары әлсізін жүндей түтуді әлі жалғастырып келе жатыр… Мейірім, қайырым, адамгершілік сияқты асыл қасиеттерден айырылып барамыз…
Қызмет, шен-шекпен, орден-медаль үшін бір-бірін алдап-арбағанды, арандатқанды, аярлық танытқанды, түрмеге тоғытқанды, соттатқанды мәртебе санаймыз.
Қазақ неге бір-біріне осындай мейірімсіз, қайрымсыз, қатыгез? Ауызбіршілік жоқ. Алтыбақан алауыз. Неге?

ult.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.