ТҮРКІСТАННАН НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ КЕРУЕНІ ЖӨНЕЛТІЛДІ

Түркістан облысында өндірілген ауылшаруашылық өнімдері керуені Нұр-Сұлтан қаласына жөнелтілді. Жолға шыққан жүк көліктеріне жалпы құны 123,5 млн. теңгені құрайтын 243 тонна өнім тиелген.

Облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың айтуынша, керуен Нұр-Сұлтан қаласына жеткеннен соң өнімдер жәрмеңке қойылады.
Айта кетерлігі, Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай, ағымдағы жылдың маусым айының 22-23 күндері Нұр-Сұлтан қаласында Түркістан облысы тауарөндірушілері өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге 39 тауарөндіруші 243 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынады. Олардың жалпы құны 123,5 млн. теңгені құрайды. Отандық өнімдер қала тұрғындары мен қонақтарына базар нарқынан 10-15% төмен бағада сатылатын болады.
Жәрменкедегі ет және ет өнімдерінің жалпы көлемі — 52,5 тонна, көкөністің жалпы көлемі – 97,8 тонна, сүт өнімдері – 18,5 тонна, бақша өнімдері– 36 тонна, жеміс-жидектің жалпы көлемі – 14,7 тонна, алма шырыны – 6 тонна, балық – 5 тонна, әсел — 2 тонна және 10,5 тонна өзге де ауыл шаруашылғы өнімдері бар.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.