ШАРУАЛАРЫ СУ ЖАҢА ТЕХНИКАЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Түркістандық шаруалар мемлекеттің қолдауымен су жаңа техникаларға қол жеткізді. Есімхан алаңында 9 дана трактордың кілті салтанатты түрде тапсырылды.

Қазіргі таңда облыста техника аламын деген шаруаларға барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Егер жоба қаржы институтынан мақұлданса, 25 пайыз алғашқы жарна мемлекет тарапынан субсидияланып қолдау көрсетіледі. Яғни «Инвестициялық субсидия» бағыты ауыл шаруашылығы саласын дамытуға жаңа серпін беруде. Демек, кәсіпкерлердің өңірімізге инвестициялық жобаларды іске асыруға қызығушылықтары артып жатқанын айта кеткен жөн.

Cонымен қатар, жылдан-жылға егіс көлемін, суармалы жерлерді ұлғайту, жайылымдарды тиімді пайдалану іс-шаралары атқарылып келеді. Жалпы Түркістан облысы бойынша бүгінгі таңда барлық техникалар саны 18 мыңға жуықтайды. Оның 16 733 –трактор,  883 – астық комбайны, 339 – мақта комбайны.

2019 жылдың 5 айының өзінде 289 бірлік техника сатып алынып, 491 млн. теңге субсидия төленген. Ал 2018 жылы жалпы 954 жаңа техника алынған. Оның 244 бірлігіне 1,2 млрд. теңге инвестициялық субсидия төленді.

Агроөнеркәсіптік нарықты қазіргі заманғы отандық ауыл шаруашылығы өндірісімен қамтамасыз ету мақсатында Kaz Kioti ЖШС құрылды. Жоба АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес іске асырылуда және отандық ауыл шаруашылығы техникасын өндіру деңгейін арттыруға өз үлесін қосады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.