Б.НҰРЖЕКЕ: Кейде шалдардың да қадiрi қашты ма деймiн
Адамдық құқық деп, қазақтың дәстүрлі құқығынан айырылып қалдық. Әке-шешенің бетінен алатын жаман әдет таптық.
Ақсақалды сыйламай, алдымен әкімге сөз беретін болдық. Төрде шал отырады, әкім кешігіп келеді, шал орнын беріп төмен ығысады. Неге? Қазақтың үлкенді сыйлау дейтін ұлы қасиеті өлген. Абылай хан кіріп келгенде, хан басымен ол Төле, Қазыбек, Әйтеке биден төмен отырады. «Төр сіздердікі» дейді хан басымен. Осы дәстүр бұзылды. Кейде шал-дардың да қадірі қашты ма деймін.
Әкімге жалпақтап, жағымпазданып, тексіздікті алдымен өздері бастап бере ме деймін.
dalanews.kz