Тас жұмыртқалайтын жартас

Қытайдың Гуйчжоу провинциясындағы Ганденг тауы­ның Чан Да Я жартасы ондаған жылдардан бері геолог­тарға құпиясын ашпай келеді. Қазақша аудармасы «тас жұмырт­қалайтын жартас» деген мағынаны беретін бұл жартастан расы­мен әрбір 30 жылда сырты жып-жылтыр, дөңгелек не доғал тастар бөлініп шығады.
Тастардың әрқайсысының салмағы 300 келіге дейін жетеді. Түсі қара, сары, көк түсті келеді. Геологтар олардың түсі неге әртүрлі екенін және тіпті жалпы бұл құбылыстың сырын әлі күнге шеше алар емес.
Ғажайып жартас бүгінде туристердің зиярат ету орнына айналған. Олардың арасында келесі тастың «пісіп», жерге түсуін күтіп жүргендер де баршылық. Жергілікті тұрғындар мұндай тастардың үйге бақ-береке әкелетініне сенімді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.