Жұлдыз жорамал

24.06. — 30.06

Тоқты
Сіз үшін өте сәтті апта. Жұмыста маңыз­ды жобалар жақсы нәтиже бере­ді. Тек сүйіктіңізге берген уәде­ңізді орындауға тырысыңыз. Ақша­дан таршылық көрмейсіз. Саяхатқа шығуды жоспарлаған болсаңыз, кейін­ге қалдырмаңыз.
Торпақ
Бұл аптада ақшаны өзіңізге жұм­саңыз, киім сатып алыңыз, сұлу­лық салонына барыңыз, демалыңыз. Жаңа таныстық жалғыздықтан құт­қарады. Кәсіби табыс әкелетін ұсы­ныс түсуі мүмкін. Тек өзіңізді пай­далануына жол бермеңіз.
Егiздер
Жұмыста бір жоспарыңыз бұзылуы мүмкін, бірақ одан да жақсы жаңалық күтуіңізге болады. Шақыр­ған жерден қалмаңыз. Сүйік­тіңізбен ашық сөйлесу пайдалы болмақ. Дема­лыс күндері романтикалық кез­десуге дайын болыңыз.
Шаян
Қанша жерден оңаша қалғы­ңыз келсе де, достарыңыз оған жол бермейді. Біреу үшін өз жос­пары­ңызды бұзбаңыз. Күтпеген жағ­дай­лардың көмегімен қаржылық жағ­дайыңызды жақсартасыз. Кез­де­суге шақырса, бас тартпаңыз.
Арыстан
Өзіңізге азырақ еркіндік беріп, дема­лыңыз. Бәрі үшін уайымдап, бақылауда ұстаудың қажеті жоқ. Жаңа бастамаларыңыз жақсы табыс әке­ле­ді. Қомақты ақша ұстауға дайын­дала беріңіз. Өзіңізге тиесілі нәр­сені алуға ұялмаңыз.
Бикеш
Ісіңіз бірден өрге басып, мол кіріс әке­леді. Іссапарларға, білім алуға және жаңа таныстыққа қолайлы кезең. Қызмет орнын ауыстыруыңыз да мүмкін. Сүйіктіңізге бағынышты адам­­­­­дай қарамаңыз. Кеңесіне құлақ ас­қа­ныңыз жөн.
Таразы
Басшылықтың сеніміне кіріп, жақсы ақша әкелетін жаңа жобаға ие боласыз. Жолыңызда кездескен жақсы адамдардың ұсыныс-кеңес­теріне құлақ түріңіз. Жеке өміріңізде жар­қын күндер күтіп тұр. Кездесуге шақырса, бас тартпаңыз.
Сарышаян
Апта бойы көптеген жерлерге шақырту аласыз, сондықтан жұмыс пен үй шаруасына уақыт қалмауы мүмкін. Дегенмен, шақырған жерден қалмаңыз. Бұл сізге атақ-даңқ әкелуі мүмкін. Демалыс күні отбасымен болғаныңыз жөн.
Мерген
Сізге қазір бастығыңыздың көзіне түсуге ұмтылғаннан гөрі демалып, өз денсаулығыңызды күткен дұрыс. Тамақтану тәртібіңізді де реттеңіз. Жеке өміріңізде оң өзгерістер бар. Отба­сындағы татулық жанға жылу сый­лайды.
Тауешкi
Денсаулығыңызға күтім керек. Мүмкін болса, демалыс алып, өзіңіз­ден ақша аямаңыз. Демалыс күндері ескі достарыңызбен кездесуіңіз мүм­кін. Жалғыз болсаңыз, сізге мейірім мен қауіпсіздік сыйлайтын адамға наз­ар аударыңыз.
Суқұйғыш
Бір кездері жолым болмады екен деп, бас бұғып жата беруге бол­­майды. Дәл қазір сілкініп, іске кірі­сіңіз. Туыстарыңыз да көмек­теседі. Жары­ңызға сіздің қол­дауыңыз қажет. Қызғанышқа ерік бер­мей, бәрін ашық сөйлесіп, шешіңіз.
Балық
Сұлулық, үйлесімділік пен өнерге қатысты жұмыстармен айналы­сатындар үшін табысты апта. Ұрысқан досыңызбен татула­са­сыз. Көңілін білдірушілер де аз бол­майды. Біраз тиімді іскерлік келісім жасап, жақсы табыс табасыз.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.