Д.МЫҢБАЙ, Мәжіліс депутаты: … белсендiлiк танытуға тиiс
1925-1927 жылдары Халық ағарту министрі болған көрнекті қайраткер Смағұл Сәдуақасұлы: «Қазақ тілін мемлекеттік тіл ету – билік басындағы бір-екі төренің емес, әрбір қазақтың намысына байлаулы іс» деген екен. Осы сөздің астарын терең ұғынсақ, қазір мемлекеттік тіл үшін жауапкершілікті тек мемлекетке емес, әр отбасының, әрбір Қазақстан азаматының мойнына жүктеудің артықтығы жоқ деп ойлаймыз. Бұл міндетті шешуде азаматтық қоғам институттары белсенділік танытуға тиіс.
jasqazaq.kz